Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Биылғы жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 34 жылдығын атап өтеді.

Еркіндік және тәуелсіздік – бұл жалпы адамзат құндылығы. Демократияландыру бағыты Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет екенін жариялауға мүмкіндік берді, оның шеңберінде қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтай келе, өзінің шығу тегі мен ерекшелігін жандандыра алады.

Көрмеге еліміздің ұлы тарихы жайлы Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» ғылыми монографиясы және «Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар», «Қазақстан тарихы көне заманынан бүгінге дейін» атты тақырыбындағы мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы жүріп өткен жолын баяндайтын еңбектер қойылды. Сонымен қатар егемендігімізді алғаннан қазіргі кезге дейінгі жетістіктеріміз жайлы баяндалған еңбектер, баспасөз басылымдары көрермен назарына ұсынылды.